Жол саласында маман тапшы



Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл сайын елімізде заң саласына 40 мың, ал аудармашы ісіне 30 мыңдай жас маман қосылып отырады. Ал жол саласы бар болғаны мың маманмен толығады. Іс жүзінде қажеттілік одан бірнеше есе көп. Бұл туралы жол активтері ұлттық сапа орталығының бас директоры Замир Сағынов Қазақстан автомобиль жолдары институты студенттерімен өткізген семинар сабақта мәлімдеді.

100 ден астам студенттер қатысқан онлайн сабақта, Қазақстанның жол саласында орын алып жатқан жетістіктер мен кемшіліктер сөз болды.

Қазақстан кәсіпкерлер палатасы жүргізген зертеулерге сәйкес, жол саласын бітірген жастар ең тез жұмыспен қамтылатын мамандық иесі. Яғни жолшы-болашақтың мамандығы деуге негіз бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақ – білікті де білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екенін айтып, оларды карантин уақытын бос өткізбей, кітап оқып, алға ұмтылуға шақырды. Жалпы мұндай семинар сабақтар алдағы уақытта басқа да жоғарғы оқу орындарында жалғасады, – деді Замир Сағынов.



Орталық басшысы жазғы уақытта жастарды жол сапасын тексеретін ұлттық сапа орталығына келіп өндірістік тәжірибеден өтуге шақырды.

Жазғы маусымға әрбір облыстан 3-4 студентті каникул кезінде Автомобиль жолдары комитетінің Жол активтері ұлттық сапа орталығы ақылы практикадан өткізу туралы да айтып кеттім. Бұл бір жағынан студенттерге үлкен тәжірибе болмақ, себебі алдағы уақытта маман болып қалыптасуына көп әсерін тигізеді. Екінші жағынан, істеген жұмысына қарай еңбекақы да алады, – деді орталық басшысы.

Версия для слабовидящих
Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support