Казахская Автомобильно-Дорожная Академия им. Л.Б. Гончарова

Адал жол

2018 жылдың 7 сәуірінде Адал жол марафонды акциясы Алатау ауданының Алматы Арена алаңында өтті. Аталған марафонның жоғарғы деңгейде өтуіне ҚазАЖА-ң 500-ге жуық студенттері белсене атсалысып, флешмоб билеп, өз өнерлерін ортаға паш етті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. Халыққа инедей болып қадалған бұл жемқорлық атаулыны жеңсек біз Мәңгілік ел боламыз. Осы орайда біздің алдағы күнде атқаратын ісіміз өте көп. Өйткені бүтіндей қазақ жұрты біздей жастарға үлкен сенім артып отыр, артқан сенім аманаттарына қиянат жасамай келешек ұрпаққа аманат ету ол біздің аса үлкен парызымыз болып саналады.

  

 

 


Назад