Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Құқықтық білімдігімізді жоғары деңгейде көтерудің мақсаты: жемқорлыққа жол бермеу бағытындағы жастар қозғалысы шегіне жеткен шыдамдылық пен төзімділік қағидасын да әр бір жемқорлықты болдырмау және оның қоғамда түбіне балта шабу мен қатар жемқорлықтың деңгейін төмендету. ҚазАЖА – ның ұйымдастырылуымен  «Нур Отан» Алатау ауданындағы Карбузов С.К. мырзамен  және мемлекеттік қызмет істері департаментінің Алматы қаласындағы жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің  меңгерушісі Қамалов Б.К. мырзамен бірлесе  отырып студенттер мен оқытушылар арасында «Жемқорлыққа қарсы күрес атты» кездесулер мен іс-шаралар болып өтті.

Сондай – ақ жемқорлыққа қарсы жасырын түрде сауалнама толтыру мен жемқорлық бағытына қарсы буклеттер, ескертпе парақшалар таратылды.

КазАЖа-ның кітапханасының оқу залында «Заңды білу және құрметтеу – парызымыз», «Скажем стоп –коррупции» атты кітап, журналдар көрмесі ұйымдастырылды.

Заманауи жастар биі (флэш моб) «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! АЛАҚАНЫМЫЗ ТАЗА БОЛСЫН!»