Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

Болон процесі

Қазақстан Республикасында Болон процесін жүзеге асыру

Болон процессінің негізгі көрсеткіштері

Қазақстан Республикасы Болон процесі мүшесі және Еуропа кеңістігіндегі жоғары білімнің толыққанды қатысушысы ретінде Орталық-Азиядағы бірінші мемлекет болып табылады. Болон процессіне қосыла отырып, қатысушы мемлекеттер өздеріне оның міндетті, ұсынбалы және факультативті болып бөлінетін негізгі көрсеткіштерін орындау бойынша  міндеттерді өз мойындарына алады.

Болон процесі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Болон реформалары «нәтижелерге бағытталу» және «студенттікорталықтандырылған оқыту» терминдерімен сипатталады. Бұл жерде сөз, оқыту нәтижелерін кең мағынада түсінуде болып отыр. Осы терминдер ECTS, модуляризациямен және институционалдық еркіндікпен байланыста болуды болжай отырып, педагогикалық практиканың алға жылжуының негізгі элементтері болуы керек.

Болон процесінің үш деңгейінің арасында баланс болу керек: өкіметке, жоғары оқу орындарына және студенттерге қатысты еуропалық деңгейде белгіленген мақсаттар; процесті жүзеге асырудағы жоолардың алатын негізгі рөлі; ұлттық стратегиялардың рөлі және алдыңғы екі деңгейдің бірігуіндегі және әрбір елдегі процестерге көмек көрсетудегі заңдылықтар.

Болон процесі – еуропа аймағындағы жоғары білім беруді және ғылыми зерттеулерді қорғау және жақсарту құралы, мөлдірлік пен мобильділікті көтеру құралы болып табылады. Болон процесі жоғары оқу орнының қоғамдағы орнын мойындайды және сапаға ерекше мән береді, бірақ сапаны қолдау мен оны жоғарылату, жүйе мен оның кадрларына берілетін мемлекеттік инвестицияны көтеруді талап ететіндігін айтады.

 

Болон процесінің негізгі мақсаттары

Болон процесінің негізгі мақсаттары: жоғары білім беруге қол жеткізуді кеңейту, еуропалық жоғары білімнің сапасын және тартымдылығын ары қарай арттыру, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын кеңейту, сонымен қатар барлық академиялық деңгейлер мен басқа біліктіліктер еңбек нарығына бағытталуы керектігі есебінен жоғары оқу орындарының түлектерінің табысты жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.

 

Болон декларациясының негізгі ережелері

Декларация мақсаты — жоғары білім берудің еуропалық аймағын орнату, сонымен қатар әлемдік деңгейде еуропалық жоғары білім беру жүйесін белсендіру.

Декларация алты негізгі ережеден тұрады:

1. Салғастырмалы деңгейлердің жүйесін, оның ішінде еуропа тұрғындарының жұмысқа орналасу мүмкіндігін қамтамасыз ету және еуропалық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін дипломға қосымшаны енгізу арқылы қабылдау.

2.Үштік білім беру жүйесін қабылдау: бакалавриат- магистратура- докторантура.

3.Кең көлемдегі студенттік ұтқырлықты (кредиттер жүйесі) қолдау үшін жүктемелік кредиттердің бірлігін қайта есептеудің еуропалық жүйесін енгізу. Ол сонымен қатар студенттің оқитын пәндерін таңдау құқығын қамтамасыз етеді. «Өмір бойы білім алу» концепциясы аясында жұмыс жасауға қабілетті жинақтау жүйесіне айналдыра отырып, ECTS-ті (European Credit Transfer System) негіз ретінде қабылдау ұсынылады.

4. Студенттердің ұтқырлығын айтарлықтай дамыту (алдыңғы екі пунктті орындау негізінде). Еуропалық аймақта жұмысқа жұмсалған уақыттың кезеңін есептеу арқылы оқытушының және басқа қызметкерлердің ұтқырлығын кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын орнату.

5. Сапаны қамтамасыз етудегі еуропалық ынтымақтастыққа салғастырмалы критерийлер мен әдіснамаларды әзірлеу мақсатында жәрдемдесу.

6. Жоғары білім беру, әсіресе оқу жоспарларын дамыту, институтаралық ынтымақтастық, ұтқырлық және бірлескен оқыту бағдарламасының сызбалары, тәжірибелік дайындық және ғылыми зерттеулерді жүргізу салаларында қажетті еуропалық көзқарастарға жәрдемдесу.

 

Болон процесінің қатысушылары

Болон процесінің қатысушылары – 49 мемлекет (2015 жыл) және Еуропалық комиссия болып табылады. Барлық мемлекеттер – Еуропалық одақ пен Шығыс серіктестік мүшелері процеске қосылған.

 

Болон процесінің негізгі сипаттамалары

Болон процесінің міндетті параметрлері

Жоғары білім берудің үштік жүйесі.

ECTS-тің академиялық кредиттері.

Студенттердің, оқытушылардың және жоғары оқу орнының әкімшілік қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығы.

Дипломның еуропалық қосымшасы.

Жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету.

Біріккен еуропалық зерттеу кеңістігін құру.

 

Болон процесінің ұсынымдық параметрлері

Бірыңғай еуропалық бағалау.

Студенттердің белсенді тартылуы.

Аз қамтылған студенттерді әлеуметтік қолдау.

Өмір бойы білім алу.

 

Болон процесінің факультативтік параметрлері

Дайындық бағыты бойынша оқыту мазмұнын үйлестіру.

Студенттерді оқытудың сызықтық емес траекториясы, таңдау курстары.

Модульдік жүйе.

Қашықтықтан оқыту, электронды курстар.

Студенттер мен оқытушылардың академиялық рейтингтері.