Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР

Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы 5 қабатты оқу ғымараты бар, сонымен қатар ҒИБӨК мүшелерімен келісім шарты негізінде («Казахстан жолдары» АҚ, «Железобетон» ТОО, «Асфальтобетон» ТОО, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Дортранс», «Камаз Алматы автоорталығы» және басқалары) серіктестерінің өндірістік орындарында орналасқан зертханаларын және шеберханаларын қосатын, барлық қажетті технологиялық жабдықтармен жабдықталған білім беру және зертханалық базасы бар. Оқу-зертханалық базасының жалпы көлемі 12144,5 ш.м құрайды, аудиториялық қорының жалпы көлемі 9505 ш.м.

Ғылыми-өндірістік департаменті құрамында 2009 жылы құрылған және 2015 жылы ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығында ISO/IEC 17025  (СТ РК ИСО / МЭК 17025: 2007) халықаралық стандартқа сәйкестігіне аккредитация өткен Сынама зертханасы қызмет етеді. Зертхана аккредиттеу саласына сәйкес топырақ, құм, қиыршық тас, жол қоспалары, асфальт, битум, бетон, цемент және басқа құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін анықтау үшін сынақтар жүргізеді. Осы мақсат үшін сынақ зертханасы білікті мамандармен, нормативтік және техникалық құжаттамалармен, құжаттама басқару жүйесімен жабдықталған. Жылжымалы жол зертханалық кешені, қажетті құралдар, тест жабдықтар және өлшеу құралдары, зертханалық жабдықтар, автомобиль паркі бар. Көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтеру үшін сынама зертханасы жоспарланған зертхана аралық сынамалар жүргізеді, «Асфальтолбетон-1» ЖШС, «ДОРТРАНС»ҚазҒЗЖИ ЖШС, «ИПЦ «Альянс» ЖШС, «ЖОЛ» ЖШС және басқа да құрылыс зертханаларымен өткізілетін салыстырмалы зертханалық сынамаларға қатысады.

Л Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ және «HOWEST» Гент университеті ассоциациясы ынтымақтастық қарым-қатынас туралы Меморандум жасасты, оның шеңберінде Қазқстанда бірінші рет жұмысы жүзеге асырылып жатқан Бельгия өнідірісінің қымбат жабдықтарын пайдалана отырып көлік техникасының гидравликалық жүйесін оқытатын интерактивті зертхана құрылды. 2010 жылдың 13 қазаныныда Филипп Бельгия Корольдігінің ханзадасы, оның жоғары мәртебелі корольдігі, Герцог Брабант Қазақстанға арнайы сапары аясында, оқу процесіне сәтті енгізілген және кеңінен қолданылатын «Гидро-пневмопривод және газ, сұйықтық механикасы» интерактивті зертханасының бастамасы жүзеге асырылды.

Оқу үдерісін оңтайландыру мақсатында мультимедиялық құралдар пайдаланылады, мысалы: студенттермен оқытушының тиімді қарым қатынасын орнату үшін және шығармашылық деңгейінің дамуына ықпал ету,  оқытудың көрнекті құралдарын  қолдануда бейне проекторлары және интерактивті тақталар қолданылады.

Жалпы және оқу аудиториялары, білім беру және ғылыми зертханалар, компьютерлік кабинеттер, оқу залдары санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға сай. Жұмыс ортасы шарттары ҚН және Е II-68-78 талаптарына «Жоғары оқу орындары» және ҚР СТ 1158-2002 «Жоғары білім» талаптарына сай келеді. Білім беру ұйымының материалды-техникалық базасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 30 желтоқсанындағы «Балалар мен жас өспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» №1684 Қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне терминалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» №1430 Қаулысымен бекітілген санитарлы ережелеріне сай.

Негізгі оқу орнының көлемі 1158-2002 ҚР СТ, «Құрылыс номалары және ережелері. Қоғамдық ғимараттар және құрылыстар» ҚР 2.08-89 ҚН және Е талаптарына сай. Барлық оқу және зертханалық бөлмелер, және оқу-өндірістік шеберханалары қажетті қазіргі заманғы жабдықтармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.

ҚазАЖИ-де компьютерлік парктің, орг.техниканың, сонымен қатар заманауи технологияларға сәйкес жаңартылуы және кеңеюі үнемі тұрақты түрде жүргізіледі.


Назад