Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

Ректордың блогы

Қабашев Р.Ә. еңбек жолын жол техникасын жөндеу бойынша темір ұстасы ретінде бастаған. Ол 1963 жылы «Құрылыс, жол машиналары және жабдықтау» мамандығы бойынша  инженер-механик біліктілігін алып Томск инженер-құрылыстық институтын (қазіргі Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті (ТМСҚУ) бітірген. ТМҚСУ бітіргеннен кейін Қ.И. Сәтпаев атындағы Жезқазған таулы-металлургия комбинатында (қазіргі «Казахмыс») желідегі механик, конструктор, топ басшысы болып жұмыс істеді. БПД жерасты бульдозері, ВСД-10 өздігінен жүретін вагон, үлкен жүк көтеретін автотүсіргі және тау кен рудасы жабдықтарын жөндеуге арналған КСД-1 дөңгелек ауыстырғышы (колесосъемник) №51, №55 өздігінен жүретін жабдықтар шахталарында өңдеу, дайындау және енгізу жұмыстарына тікелей қатысқан.

1965 жылы Қабашев Р.Ә. Мәскеу мемлекеттік техникалық автомобиль-жол университеті (МАЖИ) аспурантурасының күндізгі бөліміне түсті, бітіргеннен кейін оның ғылыми-педагогикалық қызметі: (1969-1980 ж.ж.) Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде, (1980-1990 ж.ж.) Қазақ сәулет-құрылыс академиясында, (1990-1996 ж.ж.) Алматы автомобиль-жол институтында, (1996-2000 ж.ж.) М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында, (2001 ж.- қазіргі уақытқа дейін) Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясында (ҚазАЖИ) инженерлік кадрлерді дайындау және ғылыми жұмыспен байланысты.

1974-1976 ж.ж. шетелде Тунис Республикасы Тунис Жоғары ұлттық инженерлік мектебінде (ENIT) доцент, декан қызметін атқарған, француз тілінде сабақ берген.

1987 жылы Қабашев Р.Ә. «Кесу элементтері конструкциясы және пайдалану жүйесін жетілдіру негізінде жер қазатын машиналар тиімділігін арттыру» тақырыбында Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінде (ММҚУ) докторлық диссертациясын қорғады. Алматы қаласы қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды.

Профессор Қабашев Р.Ә. автожол кешені облысындағы жоғары кәсіптік білімді дамыту және жетілдіру бойынша үйлесімді әрекеттерді өндіру және жүзеге асыру үшін Үкіметаралық Жолшылар Кеңесі (ҮЖК) оқу-ғылыми құрылымы болып табылатын ҮЖК астындағы білім беру кеңесі төрағасының орынбасары.

Қазіргі кезде (таңда) профессор Қабашев Р.Ә. Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ректоры, республика алдында келесі айрықша маңызды еңбектері бар:

-  онымен, құрылтайшы ретінде оқу процессін сапалы қамтамасыз ету біліктілік талабына сай құны 616 000 000 теңгеден аса соманы құрайтын ҚазАЖИ-дың және Алматы автомобиль-жол колледжінің (ААЖК) материалдық базасы құрылған. Алматы қаласы, Алатау ауданында 6 га жер көлемінде кампус құрылысы басталған, 191 000 000 теңге ақша қаражаты игерілген. ҚазАЖИ және ААЖК-да оның басшылығымен 2 200 студенттер және 941 оқушылар білім алуда, 230 астам адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. ҚазАЖИ және ААЖК 2013 жылы 5-жылға мемлекеттік аттестациядан өтті. Жоғары біліммен 8 250  астам мамандар және 2 445 орта кәсіптік түлектер шығарылды;

-  ресми статистикаға сәйкес Қазақстанның шаруашылық қызметін ранжирлеу қорытындысы бойынша «Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол академиясы» мекемесі «Сала көшбасшысы 2014» құрметті атағына, ал оның басшысы Қабашев Р.Ә. құрылыс саласындағы, экономиканың дамуына және Қазақстан Республикасының халықаралық беделін нығайту жолындағы көрнекті еңбегі үшін «Қазақстан экномикасы даңқ Жұлдызымен» марапатталды.

-  онымен ҚазАЖИ-де қос дипломды білім беруді енгізуге мүмкіндік туғызған/берген Қазақстанда автожол саласының мекемелері мен 20 аса кәсіпорындарды біріктірген Ғылыми-инновациялық, білім беру-өндірістік кешені (ҒИБӨК) құрылған; президенті Қабашев Р.Ә. болып тағайындалған Қазақ-Бельгия «Howest университеті - ҚазАЖИ» білім беру және ғылым бойынша Қауымдастығы құрылған; автожол саласындағы 13 жетекші білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдармен  ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша халықаралық келісімдер орнатылған: МАЖИ ММУ (Мәскеу қ.), Резекне университеті (Латвия), САЖИ (Омск қ.), Ташкент автомобиль-жол институты, Гент университеті (Бельгия), Дегендорф университеті (Германия), Ататүрк университеті (Түркия), Силез техникалық университеті (Польша), Корей көлік институті (АДЖУ) және т.б. Академия ТМД Үкіметаралық Жолшылар Кеңесінің мүшесі.

-  профессор Қабашев Р.Ә. механика және машина жасау бойынша ҚР ЖАК Сараптау Кеңесінің төрағасы қызметін атқарған, 20 жылдан аса Ресей, Германия, Иордания, Кампучи, Өзбекстан, Қырғызстан мен қоса 99 докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғалған ОД 14.11.01 докторлық Кеңесін басқарған. Жеке өзімен  шетел және Қазақстанның жетекші ЖОО қызмет атқаратын 12 доктор, 18 техника ғылымдарының кандидаты, 8-ден аса магистранттар дайындалған. Олардың ішінде Алдабергенов Нұрлан – Евразия экономикалық комиссиясының монополияға қарсы реттеу және бәсекелестік алқасының мүшесі, Айдын Кұлсейітов – «Технологиялық даумы бойынша ұлттық агенттік» АҚ басқармасы төрағасы. Онымен «Жер қазу машиналарының жұмыс органдарының тозуы» және «көтерме-транспорттық, құрылыс және жол машиналары параметрлерін болжамдау» ғылыми мектептері құрылған. Ол жол саласына мамандарды дайындауда оқу процессінде кең пайдаланылатын ЖОО арналған орыс, қазақ тілдеріндегі 15 монография, оқулықтар және оқу құралдары 350 ғылыми еңбектер және 30 өнертабыс және еліміздің зияткерлік меншігі болып табылатын Қазақстан Республикасының патенттерінің авторы. Ол Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Пезидентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту және жетілдіру мемлекеттік бағдарламасы» сәйкес басып шығарылған қазақ-орыс, орыс-қазақ терминологиялық сөздігі 8-томының авторларының бірі;

Соңғы 5 жыл көлемінде 18 оқу құралдары, мақалалар жарияланды және 4 патент алынды.

-  онымен Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жерасты бульдозері, соқа типті скрепер шөміші, экскаватор тістерінің ауыспалы тетіктері, тозуды тексеру бойынша екі қондырғы, автомобиль жолдарын мұздан тазалауға арналған жұмыс органдары, асфальтбетонды жабындыларды қайта пайдалану үшін машиналара және жабдықтау, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бөлімдерінде сел тасқынын және көшкінді тексеру арнаулы машиналары, ДЦ-1КЛ ұнтақтағышы, бейімді жұмыс органдары бар жол тегістегіші, НЦ-1КЛ қол машинасы, тайғаққа қарсы сұйық реагенттерді даярлау және сақтау үшін қондырғы және т.б. өндіріп енгізген.

- Қабашев Р.Ә. соңғы үш жылда Қазақстанның жергілікті жолдарын техникалық тексеру және паспортизация, ҚР Б және ҒМ тақырыптары бойынша  300 млн.теңгеден аса шаруашылық келісім және ғылыми-зерттеу жұмыстарының басшысы және тікелей орындаушы.

-  Қабашев Р.Ә. ғылыми жұмыстары халықаралық танылды, бірнеше рет Ресей, Украина, ГФР, Франция, АҚШ, Финляндия, Қытай, Япония халықаралық симпозиумдары және конференцияларына қатысты, неміс және француз тілдерін еркін меңгерген.

Көпжылдық адал еңбегі үшін «Еңбек ветераны» медалімен марапатталған, «Қазақстан Республикасы білім беру үздігі» төс белгісімен, ҚР ТЖМ мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға арналған еңбегі» үшін төс белгісі, «Қазақстан экономикасы, Даңқ Жұлдызы» ордені, «ТМД еңбек сіңірген жолшысы» құрметті атағы, 

Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы, А.С. Есімов Алматы қаласы әкімінің алғыс хаты және құрмет грамотасы, Б.С. Мәнізоров Алматы қаласы, Алатау ауданы әкімінің алғыс хаты және құрмет грамотасы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» УЖК ұйымдастырған (27.08.2013-07.09.2013 ж.ж.) автожарысына белсенді көмегі және қатысқаны үшін алғыс.

1991-1994 ж.ж. Алматы қаласы мәслихатының депутаты болды, «НұрОтан» партиясының мүшесі, ҚазАЖИ біріншілік-партия ұйымының төрағасы.

Саясат қайраткері мұраты -  Н.Ә. НАзарбаев. Қазақстан келешегі болжамы – «Индустриалды дамыған, демократиялы ел». Хобби – спорт, келесі спорт түрлерінің жанкүйері: күрес, бокс, футбол, жеңіл атлетика, грек-рим күресі бойынша спорт шебері. Әдеби қызығушылығы – А.Құнанбаев  және А.С.Пушкин туындылары.


Хат жіберу

Есіміңіз
e-mail
Такырыбы
Сұрақ
Суреттегі код
кодты жаңарту