Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

Ғылым және инновациялар

Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ғылыми-зерттеу жұмысы ҚР «Ғылым туралы» және «Білім туралы» Заңдарының негізінде жүзеге асырылады. Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектісі болып табылады (куәлік №003369 14 мамыр 2013 ж.). 2013 жылы Академия ғылыми-техникалық қызметтің субъектісі ретінде аккредитациядан өтіп, оған мемлекет тарапынан қаржыландырылатын ғылыми жобалар байқауына қатысуға мүмкіндік беретін куәлік алды. Л.Б. Гончаров атындағы ҚазАЖИ ғылыми-зерттеу жұмысы Ғылыми-өндірістік департамент және академияның 4 кафедрасында «Көлік жолдарын жобалау, салу және пайдаланудың, көліктік техниканың инновациялық дамуы және Қазақстан Республикасы автожол саласына кадрлерді дайындау» ҚазАЖИ ҒЗЖ стратегиялық ғылыми бағытына сәйкес орындалады.

Ғылыми-өндірістік департаменті құрамында 2009 жылы құрылған және 2015 жылы ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығында ISO/IEC 17025  (СТ РК ИСО / МЭК 17025: 2007) халықаралық стандартқа сәйкестігіне аккредитация өткен Сынама зертханасы қызмет етеді. Зертхана аккредиттеу саласына сәйкес топырақ, құм, қиыршық тас, жол қоспалары, асфальт, битум, бетон, цемент және басқа құрылыс материалдарының сапа көрсеткіштерін анықтау үшін сынақтар жүргізеді. Осы мақсат үшін сынақ зертханасы білікті мамандармен, нормативтік және техникалық құжаттамалармен, құжаттама басқару жүйесімен жабдықталған. Жылжымалы жол зертханалық кешені, қажетті құралдар, тест жабдықтар және өлшеу құралдары, зертханалық жабдықтар, автомобиль паркі бар. Көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын көтеру үшін сынама зертханасы жоспарланған зертхана аралық сынамалар жүргізеді, «Асфальтолбетон-1» ЖШС, «ДОРТРАНС»ҚазҒЗЖИ ЖШС, «ИПЦ «Альянс» ЖШС, «ЖОЛ» ЖШС және басқа да құрылыс зертханаларымен өткізілетін салыстырмалы зертханалық сынамаларға қатысады.