Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ Автомобиль-Жол Академиясы

Кітапхана

Кітапхана

Қазақ автомобиль-жол академиясының кітапхана қоры әр алуан салалығымен бай. Кітапхана қоры қазіргі таңда 285 мың дана кітапты қамтиды:( оқулықтар, оқу методикалық құралдары, көркем әдеби кітаптар т.б.), кезектегі басылымдар (газет, журналдар), электронды оқулықтар (CDдискеттері, видеокасеталар, аудиокасеталар).

Академия кітапханасы өз оқырмандарыны мынандай қызметтерді көрсетеді:

- электронды каталогтар,

- статиялардың электронды картотекасы және кезектегі басылымдар,

- Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана (РЖЭК)

Кітапхананың орналасқан жері:

бірінші этаж – абонемент, үлкен оқырман залы (орналасқан компьютерлердің бәрі интернет желісіне қосылған және РЖЭК),  және ақпараттық библиографиялық бөлім.

Абонементтің жұмыс істеу уақыты

Күнделікті: 9.00 дан 18.00 ге дейін үзіліссіз.

Демалыс күні: жексенбі.    

Абонемент бөлімінде оқулықты үйге алу жүйесі ұйымдастырылған. Абонемент бөліміне жазылу және үйге қажетті оқулықтарды алу оқырманның құжатын тексеру арқылы сондай – ақ академияда берілетін оқырман билеті немесе студенттік билет, сынақ кітапшасы арқылы жүзеге асады.

Абонемент бөлімінен алынған оқулық мерзімі, оқырманға бір семестрге немесе бір оқу жылына ғана беріледі. Оқырман абономент бөлімінен алынған оқулықты өзінің қажетіне орай мерзімін ұзартуға құқылы.

Оқу залының жұмыс істеу уақыты

Күнделікті: 9.00 ден 18.00 ға дейін үзіліссіз                            

Демалы күні: жексенбі

Оқу залында, қажетті оқулыққа алдын ала тапсырыс беруде оқырман кітапханашыға оқырман билетін қалдырады. Сонымен қатар оқырман билеті болмаған жағдайда, студенттік билет немесе сынақ кітапшасын ұсына алады. Оқу залында берілген кітаптар мен оқулықтарды тек оқу залында немесе сабаққа ала алады. Оқу залында отырып оқуға мүмкіндігі жоқ оқырманға үйге оқулықтарды алып оқуға, дайындалуға кітапхана директоры ғана рухсат бере алады.

Энциклопедия, сөздіктер, справочниктер, диссертациялар, Мемлекеттік стандарттар, үлгілік оқу бағдарламалары, ҚР ҚНжЕ, құжаттар, газет, журналдарды тек оқу залында қолдануға, пайдалануға мүмкіндігі бар.

Кітапхана айына 2 рет оқырмандарды жаңа әдебиеттер көрмесіне шақырады.«XXI– ғасыр оқулықтары» атты көрме үнемі ұдайы ай сайын ұйымдастырылады. Мұнда оқырман кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттермен, оқулықтармен танысуға мүмкіндік алады.

Қыркүйек, қазан айларында оқуға түскен 1 курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық тренингтік сабақ өткізіледі. Сабақта кітапхананың әрбір бөлімдеріне экскурсия жүргізіледі және электронды каталогты қалай пайдалануға болатынын  мен РЖЭБ - ны қалай пайдалана алатынын көрсетеді. Кітапхананы пайдалану мен қолдану ережелерімен әрбір оқырман жеке – жеке танысады.

Оқу залында оқырман қажетті оқулыққа алдын – ала тапсырыс бере алады.

Оқулықты жоғалтып алған немесе бүлдіріп алған оқырман жаңа оқулық сатып алып орнына қояды. Немесе соған ұқсас оқулық алып келу керек. Ондай мүмкіндік болмаған жағдайда 10- есе көлемде, рыноктағы бағамен өтеледі ( ҚР- ның Үкімет қаулысы №565.12 мамыр 1999ж).

Белгілі мерзімге алынған оқулықты, дер кезінде, өз уақытымен кітапханаға қайтып өткізбегені үшін, оқырман 2-ай көлемінде оқырман мүмкіндігінен айырылады. Оқу бітіретін түлектер міндетті түрде кітапханадан алынған барлық әдебиеттерді, оқулықтарды кітапханаға өткізгеннен кейін обходной парағы рәсімделеді.

Кітапхананы қолдану, пайдалану тегін!

Республикалық жоғары оқу орындарыаралық кітапхана

«Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды»

 

Наш наставник – знание

Книга - наш учитель.

2016 жылы 15 қыркүйек айында КазАЖИ –дың оқу залында: кітап,журналдар көрмесі және слайдттық бағдарлама Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған: «Сүйікті қалама мың жыл», «Любимому городу тысяча лет» атты іс-шара ұйымдастырылды. Оқырманға Алматы қаласының тарихынан сыр шертетін құнды материалдар ұсынылып, қала тарихы туралы слайдтар көрсетілді. Оқырман қауым материалдық, әлеуметтік ақпараттар мен сусындады. Өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді тұрған қаласына деген құрмет, ізеттілікті бойына сіңіріп өсуге тәрбиелік мәні бар іс –шаралар жүргізілді.

2016 жылы 4 қараша айында КазАЖИ –дың оқу залында: «Жақсы кітап – жан азығы, Сила в знании, знания в кинигах»  атты  кітап журналдар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің негізгі мақсаты: Ұлттық сана – сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты қадірлеуге баулу. Ұлтжанды елін сүйген адам, кітаппен дос болады. Тәуелсіз мемлекетте білімді, мәдениетті болу парызымыз.